Жеке Кабинет KZ RU
Басты бет / Тұтынушы анықтамалығы

Тұтынушы анықтамалығы

Терминдер сөздігі

А

Абонент – жеке тұлға, бір топ адамдар немесе ұйым,  абоненттік қызмет түрімен пайдалануға құқығы бар, абонемент иесі.

Азаматтық Кодекс – бір тарапты  басқа тарапқа әкімшілік бағындыруға негізделген сонымен қатар, салықтық және бюджеттік қатынастардан басқа,  заңды тұлғалар мен азаматтардың қатысуымен мүліктік және оған байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін жүйелендірілген заңды акті. 

 

Айыппұл санкциялары (шаралары)-  шарттар, келісім-шарттарда қарастырылған талаптар мен міндеттерді бұзғаны үшін айыппұл.


 АЭҚӨБ – аудандық электр қуатын өткізу бөлімі

 

Б

Баланстық тиесілігі -  электр қуатын өндіруші,  тасымалдаушы   ұйымдардың және тұтынушылардың  электр желілерінің заң негізінде немесе жеке меншік құқығында    оларға тән  бөлігі.

Баланстық тиесілік шекарасы – электр қуатын өндіруші,  тасымалдаушы   ұйымдардың және тұтынушылардың  электр желілерінің олардың баланстық тиесілігіне сәйкес  бөліну нүктесі (сызығы).

Берешек – төленетін, бірақ әлі төленбеген  ақшалай қаражаттар.

 

Д
Дебитор – азаматтық құқықта,    белгілі бір әрекеттерді  жасауға немесе осы әрекетті жасаудан тартынуға   міндеттелуші тарап.  Борышкер  ретінде заңды тұлғаларды қоса алғанда, тек,  азаматтық құқықтық  және  міндеттер иелері бола алады.  Екі тараптық келісім-шарттарттық  міндеттерде борышкер ретінде де,  кредитор ретінде де бір адам  бола алады. Мұндай жағдайда, міндеттеме әр борышкер бойынша өз үлесіне қарай орындалады, ал  ортақ жауапкершілік бойынша борышкердің әр қайсысы міндеттемені толық көлемде  орындауы тиіс. Міндеттемені орындаған борышкер  қалған борышкерлерге регрессивті талап қоюға құқығы бар.

 

Дебиторлық берешек – шаруашылық қатнас нәтижесінде, ұйымға немесе мекемеге заңды  және жеке тұлғалардан  алуға тиісті,  қарызға беруден пайда болған шот –қарыз сомасы. Экономикалық тұрғыдан дебиторлық берешек, жөнелтілген тауарларға, жасалған жұмыстарға уақытында төленбеген сатып алушылардың  қарызы, сонымен қатар тауарларға, ссуданы қамтамасыз етуге банкке инкассаға құжаттары берілмеген қарыздар болып есептеледі; жұмысшылар мен қызметкерлердің   қарызының , жеке тұрғын үй салуға, тауарларды қарызға алуға банктерден  осы мақсатқа  алған қарыздарынан артып кетуі.

 

Е

Есептеу  - төлем ақының ақшалай сомасын есептеу.

Ж
 «Жетысу Энерготрейд» ЖШС – сатып алынған электр қуатын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын, қуатпен жабдықтаушы ұйым.

 

Жеке тұлға – азаматтық құқық және міндеттер иесі, азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы.  Мүліктік, тағы басқа активтерге құқығы бар, келісім жасай алатын, міндетемелер бойынша жауап бере алатын  жеке тұлға


З
Заңды тұлға- азаматтық құқық субъектісі.  Оқшау мүлкі бар, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта, арбитражда немесе  аралық сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның негізгі белгілері, жарғымен  бекітілген (оның құрылымын, қызметін айқындайтын дербес біртұтас құрылым), оқшауланған мүлкінің болуы (жеке меншік немесе  оралымдағы басқаруда), азаматтық айналымда  өз атынан келісім және басқа да әрекеттер жасауы (құқық бұзушылықты  қоса алғанда), өз міндеттері бойынша дербес  азаматтық-құқықтық жауапкершілігі болуы.  Заңды тұлға құқықтық қабілеттігі және іс-әрекетке қабілеттілігі бар,  заң жүзінде өндіріп алынуы мүмкін, оған тиесілі мүлік немесе  оралымдағы басқарудағы бекітілген  мүлік бойынша  өз міндеттеріне жауап береді.  Мемлекет  заңды тұлға болып табылатын мемлекеттік ұйымның міндеттеріне жауап бермейді, ал, бұл ұйым мемлекет қарызы үшін жауап бермейді. Заңды тұлға өз тіршілігін жою жолымен  тоқтатады (яғни, заңды тұлғаның қызметі мүлікінің жойылуымен бір мезгілде тоқтатылады) немесе қайта құрылады (заңды тұлға қызметінің тоқтауына  және мүлкінің жойылуына  ұшыратпайды). Белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жататын заңды тұлға тек жарғы, немесе құрылтай келісім-шарты және жарғы, немесе тек құрылтай келісім-шарты негізінде істейді.

К
Коммерциялық есептеу құралын қосу сызбасы –  берілген және пайдаланған электр қуатын есептеу үшін белгілі бір электр есептеу құрылғыны  электр желілеріне қосу

 

Келісілген қуат мөлшері – тұтынушымен бір сағат  ішінде пайдаланылатын, электрмен жабдықтаушы ұйыммен келісілген электр қуатының орташа көлемі.

Коммерциялық есептеу құралы -  Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіп бойынша  қолдануға рұқсат етілген,  электр немесе жылу энергиясы   қуатының коммерциялық  есебін жасайтын, техникалық құрылғы.


Қ

Қарыз- белгілі  шарттар бойынша қарыз алынған ақшалай қаражат немесе материалдық құндылықтар

 

Қосалқы тұтынушы –  тұтынушының электр желісіне тікелей  қосылған тұтынушы

 

Қуатөндіруші ұйым –жеке қажеттітеріне және (немесе) сатуға  электр және (немесе) жылу қуатын өндіруді  іске асыратын ұйым


П
 

Пломба салу-   электр техникалық жабдық жұмысына   рұқсатсыз араласуға  бөгет жасайтын және құрылғы жұмасына  рұқсатсыз араласу фактісін көзкөрімді болуы үшін,

бір рет қолданылатын  механикалық  тетік.

 
Т

«ТАЭТК» АҚ – келісім-шарт негізінде электр тасымалдауды жүзеге асыратын  ұйым.

Тұтынушы – басқа бір өндіріс өнімін тұтынатын,  өз өнімін қоса, жеке немесе заңды тұлға

Түбіртек – ақша, құжат, құндылықтарды қабылдауды жазатын, ресми қолхат

У
Уәкілетті –басқа  тұлға атынан әрекет ететін немесе өкілдікке уәкілетті  заңды немесе жеке тұлға

 
Х

Хабарлама – белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттігі туралы, орын алған немесе болатын оқиғалар туралы хабарлама

Ш

Шағым – азаматтың, компанияның, қоғамдық ұйымның  құқығының немесе заңмен қорғалатын  мүддесінің бұзылуы туралы мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жүгінуі;


Э
ЭБЖ (ЛЭП)- электр беріліс желілері.

Электр қуатымен жабдықтау үшін келісім-шарт –  тұтынушыға  қосылған электр желілері арқылы электр қуатын беруге  ал,  тұтынушы қабылданған электр қуаты үшін төлеуге міндеттенетін, сонымен қатар келісім-шартта қарастырылған  оны пайдалану тәртібі, өз қарамағындағы электр желілерін пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,  электр қуатын пайдалануға қатысты қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың  дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін келісім.

 

Электр қуатының коммерциялық есебін автоматтандыру жүйесі –  элетр қуаты есебін өлшеу,   өңдеу,  сақтау және   мәліметтерді беру  үшін өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешен  жиынтығы.

 

Электр қуатын кепілді жеткізуші  — тұтынушылардың кінәсінсіз басқа электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдар барлық  тұтынушыларға электр қуатын жеткізуді тоқтатқан жағдайда,  тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтауды жүзеге асыратын ұйым.

 

Электр қуатын тасымалдау –Электр қуатын тасымалдау келісім-шартына сәйкес, қуат тасымалдаушы ұйыммен көрсетілетін қызмет.

 

Энергетика – отын өнеркәсібі, электроэнергетика, сонымен қатар, қуат пен отынды жеткізу құралдары жиынтығы

 

Энергия (қуат) үнемдеу – жаңғыртылған қуат көздерін шаруашылық айналымға тартуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық и экономикалық шараларды іске асыру

 

.

 

 




 

Контакт-центр и реквизиты
Контакт-центр и реквизиты Телефон доверия
8 800 080 30 33
звонок бесплатный
+7 (7282) 23-31-47 Email: [email protected] +7 (705) 994-19-63 tkjet.kz Реквизиты