«Жетысу Энерготрейд» ЖШС өз қызметін жариялылық, тұтынушыларға қажетті жағдайларды жасау стратегиясы негізінде қалыптастырады. Осы стратегия шеңберінде өз тұтынушыларын компанияның жұмысы, тұрмыстық тұтынушылармен жұмысты жақсарту мақсатында енгізілген жаңа қызметтері туралы көп ақпараттандыруға тырысады.
Бііз электр қуатымен жабдықтауға қатысты және біздің тұтынушыларға қажетті кез-келген ақпараттың мейлінше қолжетімді болуына тырысамыз.
Сондықтан компания тұтынушыларға тарифтердің қалыптасуы, мөлшері, қолданыстығы жеңілдіктер, бағаның қалыптасуы, электр қуатының нарықтағы хал ахуалы жөнінде ақпараттарды беруге ашықпыз.
«Жетысу Энерготрейд» жұмысының негізгі принципі сенімділік және сапалы қызмет көрсету болып табылады: электрмен жабдықтау және клиенттерге қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету.
«Жетысу Энерготрейд» клиенттермен жұмысын «қайта байланыс» принципі негізінде қалыптастырады, сондықтан компанияда тұтынушылармен өз ара әрекет ету дұрыс жолға қойылған: Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.